Listen "10 жылда студенттік өмірден университет ректорлығына дейін"
Episode Synopsis
Бүгінгі подкастта еліміздегі энергетика және мұнайгаз бағыттары бойынша білімнің қыр-сырын талқылаймыз. Қазақстандық және шетелдік білім беру орындарының ерекшеліктері қандай? Ғалымдар ашып жатқан жаңалықтар неге іс жүзінде қолданылмайды? Білім орындары мен индустрия арасында көпір құру үшін не істеу қажет? Заманауи университет көшбасшысы қандай болуы қажет? Осы және өзге де өзекті сұрақтарға қонағымыз Мұрат Сыздықовпен ой-пікір алмастық. Түсірілім қонағы:Мұрат Сыздықов - Мұнайгаз саласының білікті маманы, Colorado School of Mines (АҚШ) түлегі, Қазақстандағы бірқатар ЖОО-да басқарушы, ректор қызметін атқарған Подкаст авторы:Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторыТаймкодтар: 02:13 Спикермен танысу04:02 Мұнайшы мамандығы қазір сұраныста ма ?05:38 Мұрат мырзаның кәсіби тәжірибесі – шетелде және Қазақстанда 07:58 АҚШ-та бакалавр дәрежесін алудың ерекшелігі 09:11 АҚШ-тағы академиялық, ғылыми карьераның ерекшелігі 11:15 Колорадо тау-кен мектебін таңдаудың себебі 15:52 ЖОО-на SWOT анализ 17:42 Ғалымдар мен индустрия екі түрлі әлемде жүр 20:18 Білім саласына қаражатты дұрыс бөлу қажет 24:32 ЖОО кадрларының орташа жасы қандай? 29:30 Жоғары буын өкілдері жұмыс орнын босатқысы келмейді 30:57 Шетелдік университеттерде орташа жас қандай?32:18 Көшбасшының бірінші міндеті - өзінен кейін адам қалдыру34:08 Қазақстанда ЖОО көп пе? Білім сапасына қалай ісер етеді?38:50 Студент санының көпшілігі шығын мен жатақхана мәселесіне тікелей әсер етеді 40:10 Өңірлердегі шетелдік университеттердің филиалдары туралы 44:30 Қазақстанда филиал ашқанда қағаз жұмыспен шектелмеу керек 49:16 Ғалымдардың идеялары шектелген53:08 Ұлттық Ғылыми Кеңес мүшелерінің бағалауы қандай? 56:07 Америкада мұнайгаз саласының дамып кетуіне не себеп? 58:50 Әр тараптар өзара байланыста болуы қажет Біздің парақшаларға жазылыңызInstagram: https://www.instagram.com/energy_anal...Linkedin: https://www.linkedin.com/company/anal...Telegram: https://t.me/EnergyAnalytics
ZARZA We are Zarza, the prestigious firm behind major projects in information technology.