EXPATKZ немесе шетелдегі қазақстандық мамандар жайлы

11/10/2024 1h 4min Temporada 1 Episodio 22
EXPATKZ немесе шетелдегі қазақстандық мамандар жайлы

Listen "EXPATKZ немесе шетелдегі қазақстандық мамандар жайлы"

Episode Synopsis

Бүгінгі подкастымызда шет елде қызмет етіп жатқан қазақстандық мамандар туралы сөз қозғаймыз. Еркебұлан Салкен мырза 20 жылдан астам тәжірибесі бар, халықаралық деңгейдегі ірі жобаларда жұмыс атқарып жүрген маман. Өзінің тәжірибесі мен білімін жинақтап, жастарға бағыт-бағдар беру мақсатында "EXPATKZ" атты кітабын жариялады. Подкастта маманның өмірбаяны, басынан өткен қызықты оқиғалары, кітап жазу, жастарға беретін ақыл-кеңестер және мұнайгаз саласындағы өзекті мәселелерді қозғаймыз. Түсірілім қонағы:Еркебұлан Салкен - Қазақстан, БАӘ, Иран, Ирак, Пәкістан және Ұлыбритания елдерінде мұнайгаз жобаларында қызмет еткен, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман, "EXPATKZ" кітабының авторы.Подкаст авторы:Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторыТайм-кодтар:00:01 Тизер 02:34 Еркебұлан мырзамен танысу03:55 Балалық шақ, мектеп және ЖОО түсу жылдары туралы06:20 Мансаптың басы - мұнайгаз саласына қалай келді? 09:30 Алғашқы кәсіпкерлік 12:50 Түркиядан Қазақстанға оралу 14:47 Ірі халықаралық компанияларда жұмыс істеу туралы16:49 Қазақстандағы іс-сапарлар және шетелге жұмысқа шақыру 20:14 "Айналам толған филолог" 21:00 "EXPATKZ" кітабын жазу туралы идея қашан туындады? 25:09 Таяу Шығыстағы бастан өткен оқиғалар туралы 30:06 Пәкістандағы жұмыс туралы 33:04 "Мен істеген әр жоба ерекше" 34:30 Жобаға жасалған қаржылай шабуыл - 1000 беттік арызды қалай шештік? 38:26 Атлант мұхитының тереңдігінде мұнайгазды игеру туралы 40:34 Жобаларда кешенді командалық жұмыс маңызды 43:10 Халықаралық компаниялар жобаға керекті қызмет, материал және құрылғыларды өз елдеріндегі компанияларға тапсырады45:17 Халықаралық аренада өсу үшін не істеу керек? 48:53 Проект-менеджмент бойынша қызметтің ерекшелігі 50:36 Заманауи технологиялар мен оптимизация 54:08 Жасыл энергия және мұнайгаз компаниялары 56:35 Жастарға кеңес: қандай күнделікті әдеттер жасау керек?59:14 Карьера басында қандай қателік жасамау керек? 1:01:04 Қарқынды өмір сүру аясында қалай икемді бола аламыз?1:03:15 Қорытындылау

More episodes of the podcast Energy Podcast