Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер

03/06/2024 1h 6min Temporada 1 Episodio 17
Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер

Listen "Тау-кен саласы: сынақтар мен мүмкіндіктер"

Episode Synopsis

Бүгінгі эпизодта тау-кен саласының ерекшелігі мен басты челлендждері туралы сөз қозғадық. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды игерудің тарихы, қазіргі жағдайы мен келешегі қандай? Шетел тәжірибесінен не үйренеміз? Елімізде тау-кен саласына заңнамалық және қаржылық қолдау қандай? Менделеев кестесіндегі элементтер көп кездесетін жеріміздің қанша пайызы зерттелді? Осы және өзге де тау-кен саласының өзекті мәселелеріне білікті маман, бизнес-сарапшы Қанат мырзамен бірге жауап іздеп көрдік.Подкаст қонағы: Қанат Құдайберген - тау-кен саласында 15 жылдан аса тәжірибесі бар білікті маман, бизнес-сарапшы, GreyWolf Management компаниясының бас директоры, Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Подкаст авторы: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторыТайм-кодтар:02:14 Спикермен таныстыру03:37 Қазақстандағы тау-кен саласының қызметі мен тарихы06:45 Қор есебінің стандарттары және негізгі мәселелер08:12 Тәжікстанда бастан өткен тәжірибе туралы11:00 Канадалық инвесторлар келгенде неге таң қалды?14:33 Пайдалы қазбаларды зерттеу туралы статистика не дейді?17:31 Канаданың геологиялық зерттеу орталығының қызметі туралы19:14 Геологиялық ақпараттарды неге мемлекеттік құпияға кіргізеді?23:38 Координаттармен жұмыстың қиындықтары26:09 Пайдалы қазбаларды зерттеудің қаржылық менеджменті30:19 Шетелдік компаниялардың қор нарығына шығуы32:00 Қазақстан Австралия мен Канаданың деңгейіне жете алады35:00 Халықаралық тәжірибе – инвестициялық қорлардың қолдауы39:29 Мұнайдан қосымша шығатын металдарды игеру тәжірибесі43:11 Бізде неге ұлттық тестілеу орталығы жоқ?46:05 Ірі кәсіпорындардың тау-кен саласына елеулі әсері49:51 Мемлекеттік геологиялық зерттеу қызметі туралы52:59 Реформалар аяғына дейін жетуі қажет55:01 Сауд Арабиясы нарығының ерекшелігі қандай?57:22 Тау-кен саласындағы білім алу – Қазақстан мен шетелдік оқытудың ерекшеліктері 58:58 Білімді модернизациялау керек1:02:28 Бізде білікті мамандар бар, нарық та қалыптасып келе жатыр1:04:10 Батыс Қазақстанда метал шығаратын потенциал бар1:06:01 Қорытындылау – біз дамыған елдерден еш кем емеспіз

More episodes of the podcast Energy Podcast